19 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОӘЛЕУК) Төрағасы Роберт Рэймен жұмыс кездесуін өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын халықаралық өзара іс-қимылдың бірқатар мәселелерін қарастырды, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, атап айтқанда, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру жөніндегі мәселелерді талқылады.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің осы ауқымды жұмысқа қосқан үлесі бөлек талқыланды.
«ЕАЭО-ның әрбір елі ұлттық бағдарламалық құжаттарға, стратегиялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі нақты қадамдарын жасауда. Сонымен бірге ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық интеграция ТДМ-ға қол жеткізуге ықпал ететін қосымша фактор болып табылады», – деп атап өтті ЕЭК Алқасының басшысы.
Бақытжан Сағынтаев, Одақтың интеграциялық күн тәртібін оларға қол жеткізу жөніндегі міндеттермен корреляция тұрғысынан талдауды қамтитын ТДМ тақырыбы бойынша Комиссияның кешенді баяндаманы дайындауға кіріскендігі туралы айтты.