Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қазан қаласында өткен XVI БРИКС саммиті аясында 24 қазанда Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-министрі Фам Минь Тинмен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар 2025 жылы қол қойылғанына 10 жыл толатын Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Осыған байланысты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы өзара сауданың оң серпіні атап өтілді.
2016 жылмен салыстырғанда тауар айналымы 2023 жылы 1,6 есе өсті, ал 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% өсті.
ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев тараптар арасындағы сауданың артуына Келісімді іске асыру көбірек ықпал еткеніне сенімділік білдірді.
"Келісім жасасу кезінде біздің өзара мақсатымыз экспортты саралау, қосылған құны жоғары өнеркәсіп өнімінің үлесін, соның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін арттыру болды", – деп хабарлады ЕЭК Алқасының басшысы.
Бақытжан Сағынтаев Вьетнаммен келісім кооперациялық ынтымақтастықты дамыту әлеуеті тұрғысынан айрықша маңызды екенін атап көрсетті. Бұл ретте Келісімде белгіленген уағдаластықтың қазіргі сәті барлық сауда бойынша іс жүзінде бажсыз қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, тауар номенклатурасының шамамен 90%-ына қатысты пұрсаттылықтарды көздейді.
Кездесу барысында цифрлық шешімдерді ендіру мен қолдануды қоса, қазіргі жағдайда сауда мен кедендік әкімшілендіруді дамыту үшін түрлі құралдардың тиімділігі де атап өтілді. Атап айтқанда, қазір Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттердің және Вьетнам Социалистік Республикасының арасында берілген сертификаттар туралы электрондық ақпарат алмасу туралы хаттаманың жобасын дайындау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.