Жаңалықтар

21.06.2022

ЕҮК мүшелері азық-түліктің және өзге тауарлардың сезімтал түрлері бойынша Одақтың бірыңғай нарығының жұмыс істеу қағидаларын айқындады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары өнімнің сезімтал түрлері бойынша бірыңғай нарықтың жұмыс істеу қағидаларын айқындады. ЕҮК өкімімен бекітілген индикативтік баланстар шеңберінде осындай тауарлардың өзара саудадағы еркін айналысы бекітілді.
«Тізімге бидай мен қос бидай қоспасы, арпа, жүгері, күнбағыс тұқымдары, қант, күнбағыс майы, қалпына келтірілетін қағаз немесе картон, сондай-ақ қара металдардың қалдықтары мен сынықтары кірді», - деп нақтылады ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. 


Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне Одақ мемлекеттерінің Үкіметтерімен бірлесіп тізбедегі тауарларға қатысты теңгерімдер дайындауды ұйымдастыру тапсырылды.
 Аталған өнімді үшінші елдерге әкету кезінде тараптар бір немесе бірнеше мемлекет белгілеген экспорттық реттеу шараларын, соның ішінде Одақ шеңберінде экспортты реттеудің біржақты және (немесе) бірыңғай шараларын қабылдау кезінде айналып өтуге жол бермейтін болады.


ЕҮК өкімі ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады.