ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның атынан және жеке өз атынан Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианға және бүкіл иран халқына Бендер-Аббас қаласы маңындағы Шахид-Раджай портындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.
"Адам шығынына әкеп соқтырған қайғылы оқиға туралы хабарды терең қайғы-қасірет сезімімен қабылдадым. Ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және барлық зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.