Жаңалықтар

03.05.2024

ЕЭК ішкі нарықтары қызметі департаментінің директоры болып Самат Құлмамбетов тағайындалды

Самат Құлмамбетов 1978 жылы Бішкекте дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетін (мамандығы – «Әлемдік экономика») бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Экономикалық және әлеуметтік реформалар орталығының макроэкономика бөлімінде бастап, I санатты маман және жетекші маман лауазымдарында жұмыс істеді.

2004 жылдың маусым айынан 2006 жылдың ақпан айына дейін Қырғыз Республикасы Экономикалық даму, өнеркәсіп және сауда министрлігінің кедендік-тарифтік саясат бөлімінің жетекші, содан кейін бас маманы болып жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары Қырғыз Республикасы Өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу бөлімінің бас маманы, меңгерушісі болып жұмыс атқарды.

2007 жылғы сәуірден 2018 жылғы қаңтарға дейін Қырғыз Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде кеден саясаты және тарифтік емес реттеу бөлімінің меңгерушісі, кеден-тарифтік саясат басқармасының бастығы болды.

2018 жылғы қаңтар айынан 2021 жылғы мамыр айына дейін Қырғыз Республикасы Үкіметі Аппаратының Еуразиялық экономикалық одақ істері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, халықаралық ынтымақтастық және интеграция бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қырғыз Республикасы Үкіметі Аппаратының Еуразиялық экономикалық одақтағы істер жөніндегі Қырғыз Республикасы Үкіметінің арнайы өкілі хатшылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары – басшысы болып жұмыс атқарды.

2021 жылғы мамырдан бастап 2023 жылғы наурызға дейін-Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Президент және Министрлер кабинеті шешімдерін дайындау басқармасының Еуразиялық экономикалық одақ істері жөніндегі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2023 жылғы наурыздан 2024 жылғы сәуірге дейін Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің Еуразиялық экономикалық одақ істері жөніндегі сектор меңгерушісі.

2024 жылғы 2 мамырда ЕЭК ішкі нарықтары қызметі департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

Марапаттары

ҚР Экономика және монополияға қарсы саясат министрлігінің «Экономика үздігі» төсбелгісі.

«ҚР мемлекеттік қызмет үздігі» төсбелгісі.

«Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі.

ҚР Экономика және коммерция министрлігінің III дәрежелі «Еңбегі үшін» төсбелгісі.

«Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.