Жаңалықтар

20.02.2023

Ернар Бәкенов ЕЭК-тің Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды

Ернар Бәкенов 1974 жылы Қарағанды қаласында (Қазақстан) туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (білімі бойынша мамандығы – экономист).

Еңбек қызметін 1996 жылы Қарағанды қаласының Ленин ауданындағы Халық банкі филиалында бастады.

1997-2007 жылдары Қазақстан Республикасының кеден органдарында, Қостанай және Қарағанды қалаларында жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің кедендік ресімдеу бөлімінің бастығы лауазымында болды.

2008-2012 жылдары «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас сарапшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры болды.

2012 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры лауазымында болды.

2017 жылғы сәуір-қыркүйек аралығында — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2018 жылғы маусымнан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесінің көмекшісі болды.

 

2023 жылғы ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.