Сәйкесті және озыңқы индикаторлардың жаңартылған есебіне сай Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде жыл соңына дейін экономикалық белсенділіктің оң серпіні сақталады. Одақтың көптеген елінде бұрыннан қалыптасқан үрдіс сақталуда: Армения мен Қазақстанда іскер белсенділіктің өсуінің жеделдетілуі, Беларусь пен Ресейде өсудің баяулауы күтілуде. Қысқа баяулаудан кейін Қырғызстан көтерілу сатысына өтті және өсудің одан әрі жеделдеуі болжануда.