Жаңалықтар

21.02.2022

«БЕЛАЗ»-дарға арналған қозғалтқыштардың бажсыз әкелінуі жалғасады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі іштен жану қозғалтқыштарының жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасының қолданылу мерзімін қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралыққа ұзартты.

Шара белорус карьер техникасын шығарушы - «БЕЛАЗ» ААҚ-ты дамыту үшін қолайлы жағдайларды сақтауға және оның өнімінің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған.

Бүгінгі таңда ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажы қарастырылып отырған тауарларға қатысты кедендік құннан 5%-ды құрайды.

«Шешім қабылдау кезінде 240 тонна жүк көтергіштік класындағы өзі аударғыш жүк машиналары үшін ЕАЭО елдерінің кәсіпорындары шығаратын қозғалтқыштардың жеткізілімін ұйымдастыру туралы, сондай-ақ мұндай қозғалтқыштарды 200 тонна жүк көтергіштік класындағы карьерлік техниканы әзірлеуде пайдалану мәселесін пысықтау туралы уағдаластық ескерілді»,- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Оның сөзінше, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Еуразиялық экономикалық одақта қозғалтқыштардың кооперациясы мен өндірісін дамыту жөнінде белсенді келіссөздер жүргізуде.

Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама

Қарастырылып отырған іштен жану қозғалтқыштарына қатысты кедендік құннан 0% мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2014 жылғы 3 қазаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралыққа қолданылды.