Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Каир қаласында Египет Араб Республикасының жаңадан тағайындалған өнеркәсіп және сауда министрі Ахмед Самир Салехпен алғаш рет кездесу өткізді.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесі бойынша жан-жақты пікірталас өткізді. Еркін сауда туралы келісімді жасау бойынша келіссөздер жүргізуді белсендіруге келісті.
«Кездесу барысында бизнес-байланыстарға жәрдемдесуді, кооперациялық өндірістер құруды және өзара қызығушылық танытылған басқа да салаларды қоса алғанда, болашақ құжатты іске асыруға ерекше назар аударылды. Осы жылдың шілде айында Мәскеуде келіссөздердің кезекті кезеңін өткізуге келістік»– деп атап өтті Андрей Слепнев.
Анықтама
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Египет Араб Республикасымен еркін сауда жасау аймағы туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді бастау жөніндегі шешімі 2016 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған. 2017 жылғы желтоқсанда олардың форматы мен жоспарланған құжатын келісімге алу жөнінде техникалық консультациялар өткізілді. Келіссөздердің бірінші кезеңі 2019 жылдың қаңтар айында өтті. Осы уақытқа дейін барлығы бес раунд өткізілді (соңғысы – 2022 жылдың қазан айында).