Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Араб Шығыс мемлекеттерімен белсенді өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ жақында аяқталған «Ресей – Африка» екінші саммиті аясында Мәскеуде ЕАЭО мен Египет арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің алтыншы кезеңі өтті.
Одаққа мүше мемлекеттер мен Араб Республикасы арасында тығыз сауда-экономикалық байланыстар бар, бұл қазіргі геосаяси тұрғыдан алғанда күрделі уақытта да тауарлардың кең номенклатурасы бойынша өзара сауданы жүзеге асыруға ықпал етеді.
Болашақ келісім Египетті Африканың «қақпасы» ретінде қарайтын ЕАЭО кәсіпорындарына египеттік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту үшін қажетті негіз жасайды. Келісім сонымен қатар біздің елдеріміз арасындағы инвестициялардың өсуіне ықпал ететін болады.
15-17 тамыз аралығында өткен диалог қорытындысы бойынша тараптар маңызды мәміле жасасу ниетін растады.
«Келісім жобасының реттейтін тарауларын келісу бойынша елеулі прогреске қол жеткізілді. Біз сессияаралық форматта қалған мәселелерді тезірек қарау бойынша алдағы қадамдар туралы келістік», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаев.
Анықтама
Египет Араб Республикасымен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2016 жылы қабылдаған болатын.