Жаңалықтар

24.07.2024

ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің бесінші раундын өткізді

22-24 шілдеде Бату қаласында (Индонезия Республикасы) Еуразиялық экономикалық одақ пен Индонезия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздердің бесінші раунды болып өтті.

"Раунд қорытындысы бойынша болашақ келісімнің мәтінін келісуде елеулі алға басушылыққа қол жеткізілді, келіссөз процесін субстантивті аяқтау үшін қажетті бұдан арғы қадамдар белгіленді", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті бөлімі бастығының орынбасары Кира Данильчева.

Индонезиямен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылғы мамырда қабылдады. Келіссөздердің бірінші, екінші, үшінші және төртінші раунды тиісінше 2023 жылғы сәуірде, шілдеде, желтоқсанда және 2024 жылғы наурызда болып өтті.