Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Экономика және даму министрі, Ұлы Мемлекеттік Хуралдың мүшесі Лувсаннямын Гантумурмен кездесті.
"Біз нәтижелі келіссөз жүргіздік, оның барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімінің жобасы бойынша қалған барлық мәселені ізеуіртті талқыладық. Біз Моңғолиямен жақын көрші және дәстүрлі түрде жылы қарым-қатынас қалыптасқан достас ел ретінде өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды мақсат тұтатынымызды растаймыз", — деп атап өтті Андрей Слепнев.
ЕАЭО мен Моңғолия арасында уақытша сауда келісімін жасасу туралы келіссөздер Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 3 шешіміне сәйкес жүргізіледі.