Жаңалықтар

21.02.2022 (Обновлено: 02.03.2022 17:58)

ЕАЭО терефтал қышқылына арналған әкелу бажын нөлге түсірді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі терефтал қышқылы мен оның тұздарына қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын 2024 жылғы наурызға дейінгі аралыққа 0% мөлшерінде белгіледі.

«Шара Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы шикізатқа тапшылықтың орнын толтыру және полиэтилентерефталат өндірумен айналысатын кәсіпорындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін енгізіледі»,- деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары Наталия Самойлова.
Полиэтилентерефталат негізінен полиэфир талшықтары мен жіптерін өндіру кезінде, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне арналған пластикалық бөтелкелер, пленкалар және орауыш ыдыстар жасауда қолданылады.

Бүгінгі таңда терефтал қышқылы мен оның тұздарына қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 5% мөлшерінде белгіленген.

ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама

Терефтал қышқылы мен оның тұздарына қатысты кедендік құннан 0% мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2015 жылдан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылды.