Бұл үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тиісті теңгерімдерін қалыптастыру мақсатында бидай мен меслиннің, арпаның, жүгерінің, күнбағыс майы мен қанттың жыл сайынғы өндірісі мен тұтынудың есептелген көлемін ЕЭК-ке беру ұсынылды.
«ЕАЭО ауыл шаруашылығы өнімінің аса ірі нетто-экспорттаушысы болып табылады, осыған байланысты бізде өмрлік маңызы бар тауарлар тапшылығының қатері жоқ. Сонымен бірге, тарифтік емес реттеудің бірлескен шараларын енгізу ішкі нарықтағы баға жағдаятын тұрақтандыруға ықпал етеді, бұл сыртқы факторлардың іс-әрекеті жағдайында айрықша маңызды»,- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.