Жаңалықтар

22.02.2022

ЕАЭО металлургияда инновацияларды дамытады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүше мемлекеттерге ЕАЭО-дағы қара және түсті металлургия өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісі саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының тізбесін назарға алуды ұсынды.

Бүгінгі таңда технологиялық инновациялар ішкі нарықтарда да, сыртқы нарықтарда да металлургия өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қолдауда айқындаушы фактор болып табылады.

«Өнеркәсіптегі қазіргі заманғы трендтер және жаңа салалардың тез дамуы бірегей қасиеттері бар жаңа материалдар әзірлеу, бұл материалдарды өнеркәсіптің нақты саласында, атап айтқанда, автоөнеркәсіпте, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда, теміржол машиналарын жасауда, құбыр саласында қолдану жөнінде техникалық инженерлік шешімдерді ендіру қажеттігін талап етеді»,- деді ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Артак Камалянның сөзінше, әзірленген құжат әлеуетті өндірушілер мен металлургия өнімінің жаңа түрлерін тұтынушылар туралы, сондай-ақ оның техникалық сипаттамалары жайындағы ақпаратты қамтиды және ЕАЭО елдері өнеркәсібінің базалық салаларының инновациялық дамуды бірлесіп ынталандыруы арқылы жаңа технологиялық деңгейге көшу үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Ынтымақтастықтың қаралып отырған бағыттарын іске асыру металлургияда өнімдік инновациялар жасауға және оларды өнеркәсіптің аралас салаларында қолдануға, Еуразиялық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады, деп санайды ЕЭК министрі.

Өнімнің техникалық сипаттамаларын жақсарту өз кезегінде оның сұраныста болуын арттыруға, сондай-ақ ЕАЭО нарығында оның щетелдік аналогтарын алмастыруға алып келеді.

Келесі қадам перспективалық технологиялардың арнаулы алаңдарында пилоттық режимде сынап көру болады, бұл Одақтың металлургия саласындағы инновациялардың өміршеңдігін тез бағалауға мүмкіндік береді.

Анықтама

Ұсыным ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, автоөнеркәсіп және теміржол көлігі, тамақ және құбыр саласы, арнайы мақсаттағы бөлшектер (подшипниктер) үшін жаңа техникалық сипаттамалары бар металдарды әзірлеуді, сондай-ақ коррозияға төзімділігі жоғары қорытпалар өндіруді кірістіретін металлургия өнімінің жаңа түрлерін өндіру саласындағы ынтымақтастықтың 8 перспективалық бағытының тізбесін қамтиды.

Бірлескен жобалардың мүдделі қатысушылары ЕАЭО елдерінің жетекші ғылыми институттары, Одақ мемлекеттерінің автоөнеркәсіп, станок жасау саласындағы, теміржол және құрылыс салаларының аса ірі өндіруші кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы, жол және құрылыс, карьер және кен өндіру техникасын өндірушілер болып табылады.