Жаңалықтар

29.11.2024

Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы: ЕЭК ҒЗЖ жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер саласындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдай жасайды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ)жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдады, ол бұған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өту үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жіберілді.

Келісім көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және ҒЗЖ әзірлеу кезінде жосықсыз іскерлік практикамен күресу үшін ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары арасындағы тиімді ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Құжаттың жобасы өзекті нормативтік құқықтық актілерді, іс-шараларды және ҒЗЖ бойынша көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығына қатысушылар туралы ақпаратты қоса, тараптардың уәкілетті органдарының ресми сайттарында орналастырылатын ақпараттың тізбесін айқындайды. Бұдан басқа, берілген рұқсаттар және олардың күшін жою туралы мәліметтермен алмасу көзделген.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, осы Келісімді іске асыру ЕАЭО-ның ҒЗЖ жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер бірыңғай нарығында ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды.

"Келісім тұтынушылардың құқықтарын қорғап қана қоймай, бірыңғай нарыққа қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар да жасайды" , – деп атап өтті ЕЭК министрі.