Жаңалықтар

29.05.2024

ЕЭК ЕАЭО елдерінің цифрлық нарықтарын зерттеуге орайлас жалпы тәсілдемелерді қалыптастырады

27 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕАЭО елдері монополияға қарсы органдары сарапшыларымен болған кеңесте Еуразиялық экономикалық одақтағы цифрлық нарықтарды зерттеуге орайлас жалпы тәсілдемелерді қалыптастыру мәселелері қаралды.

Ресей Федералдық монополияға қарсы қызметтің өкілі тауарлар/қызметтер көрсету (маркетплейстер) туралы ақпарат агрегаторлары иелерінің қызметтер көрсету нарығындағы бәсекелестігінің жай-күйін зерттеудің түйінді аспектілері туралы айтып берді. Атап айтқанда, сатып алушылардың, сатушылардың және өзі тасып әкету орындарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстардың иелері ретінде маркетплейс қызметтерін сыныптау ерекшеліктеріне назар аударылды. Үстем жағдайды (Wildberries және Ozon мысалдарында) бағалауға қолданылатын критерийлер туралы да сөз болды. Кеңеске қатысушылар қаралып отырған саладағы Ресей заңнамасының жаңартпашылықтарымен танысты.

Тараптар цифрлық нарықтарды бағалаудың қолданылатын әдістемелерінің ұқсастығын тиянақтады және құқық қолдану практикасындағы тәжірибе алмасуды жалғастыруға уағдаласты.

ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаменті мүше мемлекеттердің цифрлық нарықтарын зерттеу кезінде қолданылатын жалпы тәсілдемелерді қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Мұндай тәсілдемелерді әзірлеудің орындылығы туралы шешімді Одақ елдерінің монополияға қарсы органдарының басшылары мен Комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі 2023 жылғы қарашада қабылдады.