ЭСКАТО қамқоршылығымен Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі 11-ші Азия-Тынық мұхит форумы шеңберіндегі «Көлікті цифрлық трансформациялау: түйінді трендтер және синергетикалық нәтиже» панельдік сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссия логистиканың жаңа шындығында жеткізілімдердің орнықты тізбегін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талқылауды ұйымдастырды.
Іс-шараны ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сохаил Хан ашты.
Панельдік сессия пікірсайыс алаңы ретінде бизнес-қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың сарапшыларын әлемдік саудадағы көлік пен логистиканың қазіргі заманғы ерекшеліктерін талқылау үшін біріктірді.
Пікірсайысқа қатысушылар Еуразия құрлығында "жіксіз" көлік кеңістігін қалыптастырудың негізгі трендтеріне қатысты пікір алмасты, сондай-ақ көлік саласындағы цифрландыру процестерін тежейтін түйінді факторларды айқындады.
Сөз сөйлеу барысында электрондық көлік құжаттарын ендіру, көлік дәліздерін дамытудағы инновациялар мен цифрлық құралдардың рөлі, бірлескен цифрлық жобаларды қаржыландыру механизмдерін айқындау, сондай-ақ электрондық қолтаңбаны трансшекаралық тану перспективалары есебінен жеткізілімдердің орнықты тізбектерін қамтамасыз ету мәселелері ізеуіртті қаралды.
"Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің цифрлық көлік жүйелерінің интеграциясы саласындағы әріптестігі егемендік пен ұлттық мүдделерді құрметтеу қағидаттарын ескере отырып, Үлкен Еуразия шеңберінде "жіксіз" көлік кеңістігін кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік береді",- деп атап өтті Арзыбек Кожошев.
Талқылау қорытындысы бойынша цифрлық және зияткерлік технологияларға бейім дамыған көлік, логистика және кеден инфрақұрылымы желісінің болуы бүгінде Үлкен Еуразия өңіріндегі экономикалық дәліздерді қолдау үшін базистік қажеттілік болып табылатыны атап өтілді.
ТМД Атқарушы комитетінің, Еуразиядағы IRU Тұрақты өкілдігінің, Өзбекстан Көлік министрлігі жанындағы "Цифрлық көлік" орталығының, " БКЛК ЕРА" АҚ, "Газинформсервис" ЖШҚ, "Владивосток теңіз сауда порты" ЖарАҚ (FESCO) өкілдері спикер болды.
Азия мен Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО) – Азия және Тынық мұхиты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге арналған, құрамындағы мүше мемлекеттер бойынша әмбебап БҰҰ-ның өңірлік комиссиясы. БҰҰ-ның бес өңірлік комиссиясының ішіндегі ең ірісі (ЭСКАТО өңірінде 3,8 миллиард адам тұрады – бұл планета халқының шамамен 60 пайызы). Орналасқан жері — Бангкок (Тайланд).
ЭСКАТО форумының аясындағы side-event ретіндегі панельдік сессияны Өзбекстан Көлік министрлігінің және Ресей Экономикалық даму министрлігінің қолдауымен ЭСКАТО Хатшылығымен әріптестікте ЕЭК көлік блогы ұйымдастырды.