Жаңалықтар

15.12.2022

ЕЭК пен ҚБҚ бизнес және қаржы нарықтарын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтады

15 желтоқсанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі, ҚБҚ Байқаушы кеңесінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың Қаржы-бизнес қауымдастығының (ҚБҚ) президенті Ли Шобиннің кездесуі болып өтті.

Тараптар ЕАЭО елдеріндегі интеграция мен бизнесті дамыту, Одақтың ШЫҰ елдерімен ынтымақтастығы мәселелерін талқылады, қаржы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері көтерілді.

Бұдан басқа, осы жылғы 24 қарашада Мәскеуде өткен "Қабырғалар емес, көпірлер тұрғызайық. Жаңа шынайылықтағы іскер Еуразия" форумының қорытындылары қаралды. Бақытжан Сағынтаев кәсіби қоғамдастықтарда пікір алмасу үшін, сондай-ақ бизнес-әріптестер іздеу үшін форумның өнімді алаң болып табылатынын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Ли Шобин ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың Қаржы-бизнес қауымдастығы шеңберінде тығыз өзара іс-қимылға дайындықты білдірді.