Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі хатшылығының жетекшісі Алымбек Орозбеков осы жылғы 7 қарашада Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) Abu-Dhabi Ports Group Компаниялар тобының өкілдерімен келіссөз жүргізді. ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің сарапшылары кездесуге онлайн-форматта қатысты.
Кездесуге қатысушылар Комиссия мен БАӘ Үкіметі арасындағы 2022 жылғы Өзара іс-қимыл туралы меморандумды басшылыққа ала отырып, аяу перспективадағы ынтымақтастық және бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарларын талқылады.
"Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамытуға орай жүк тасымалы мен көлік инфрақұрылымын дамыту, көлік және логистика саласында қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді қолдану, атап айтқанда, цифрлық көлік дәліздерін құру және электрондық құжат айналымын дамыту бойынша ықтимал іс- шараларды қоса, 2024-2026 жылдары бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарына қол қою мүмкіндіктері талқыланды.
Тараптар Abu-Dhabi Ports Group-пен ынтымақтастық орнату және бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қою мүмкіндіктері мен шарттарын пысықтау бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті.