Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикалық кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын өзектендіру қажеттілігі 23 наурызда ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Атқарушы комитетінің төрағасы Тарас Купчиковпен кездесуінде қарастырылды.
Кездесу нәтижелері бойынша ЕАЭО мен ТМД-ның ортақ электр энергетикалық нарықтарын қалыптастыру, климаттық және цифрлық күн тәртібі бойынша жұмыстар, сондай-ақ екі интеграциялық бірлестікте электр энергетикасына қатысты процестерге ғылыми және сараптамалық қоғамдастықты тарту бөлігінде өзара қарым-қатынасты күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
«ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығы жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге ғылыми қоғамды кеңінен тарту еуразиялық бестік және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері экономикасының тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған өзара тиімді және негізделген шешімдерді табуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Арзыбек Қожошев.
Анықтама
ЕЭК пен ТМД Электр энергетикалық кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары 2016 жылғы 10 маусымда мақұлданған.