Еуразиялық экономикалық одақ пен Куба елдерінің іскер топтарының өзара іс-қимылын тереңдету перспективалары ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Лусине Тумянның қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен комиссияның отырысында қаралды.
«Одақ аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Бизнесті дамыту ЕАЭО елдерінің интеграциялық ынтымақтастығының негізі болып табылады. Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесі бар Куба да осы саладағы ортақ жұмысымызға белсенді түрде қосылуда», — деп атап өтті Лусине Тумян.
ЕЭК өкілінің айтуынша, Одақ мемлекеттері мен Куба Республикасының іскер топтарының өзара іс-қимылын тереңдету, заңнамалық база, Одақ елдері мен Куба Республикасындағы бизнес-ахуалдың ағымдағы жай-күйі, перспективалы инвестициялық жобалар туралы ақпарат алмасуды жандандыру, тақырыптық семинарлар мен сараптамалық консультациялар өткізу маңызды мәнге ие болып отыр.
Қорытындылай келе, тараптар Бірлескен комиссия алаңында айтылған пікірлермен және ұсыныстармен алмасу кәсіпкерлік саладағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деген бірыңғай ұстанымға келді.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен комиссия 2018 жылғы 31 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес құрылды.