Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы органикалық ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесіне шолуды қарады.
"Еуразиялық экономикалық одақтың көптеген елінде осы саладағы салалық заңнама салыстырмалы түрде жақында, екі-үш жыл бұрын қабылданған. Шолу шеңберінде біз әлемдік органикалық өнім нарығының өсуі және халықаралық климаттық күн тәртібінің өзектілігі жағдайында перспективалы органикалық ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың халықаралық тәжірибесін көрсету мақсатын көздедік. Атап айтқанда, өндірушіні қолдаудың түрлі құралымен қатар, тиісті мамандарды даярлау үшін білім беру бағдарламаларын дамыту, осы салада ғылыми зерттеулерді іске асыру, тұтынушылар арасында осы тұжырымдаманы ілгерілету бойынша мемлекеттік медиалық кампаниялар өткізу және басқа да бағыттар ұсынылады", — деді ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Құжатта органикалық өнімдердің жаһандық нарығының үрдістері мен перспективалары, жетекші өндіруші елдерде және ЕАЭО мемлекеттерінде секторды дамыту бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат, сондай-ақ Одақ елдеріне ауыл шаруашылығының осы секторын мемлекеттік қолдау бойынша ұсынымдар қамтылған.
Органикалық ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін шолу Комиссияның ресми сайтында орналастырылған: https://cutt.ly/fMW47Tu.