2024 жылғы табиғи монополиялар саласында атқарылған жұмыс туралы баяндаманың жобасы бейінді комитеттің 6 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен өткен отырысында мақұлданды.
Баяндамада ЕАЭО елдері әзірлеген табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобалары туралы мәліметтер, сондай-ақ ЕАЭО туралы шартта белгіленген қағидаттар мен қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан Одақ мемлекеттерінің нормативтік базасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша мониторинг нәтижелері қамтылады.
Комиссия бұл құжатты жыл сайын Одақ мемлекеттерінің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттейтін уәкілетті органдарымен бірлесіп дайындайды. Биылғы мамыр айында баяндама Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылады.