Жаңалықтар

27.12.2023

ЕЭК марганец кендері мен концентраттарына нөлдік баждың қолданылу мерзімін ұзартты

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы марганец кендері мен концентраттарына қатысты нөлдік әкелу кедендік баждарының қолданылу мерзімін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2602 00 000 0 ) 2025 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қарастырылып отырған тауарлар металлургия өнеркәсібінде ферроқорытпалар өндіруге арналған шикізат болып табылады. ЕАЭО-да бұл өнім тек Қазақстан Республикасында өндіріледі, бірақ қолда бар көлемдер қажеттілікті толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

«Шара мерзімін ұзарту ЕАЭО нарығында марганец кендері мен концентраттарының тапшылығын жоюға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және ЕАЭО-да ферроқорытпалар шығару жөніндегі өндірістік қуаттардың жүктемесін арттыруға ықпал ететін болады», – деп атап өтті ЕЭК кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Анықтама

Марганец кендері мен концентраттарына қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 19 қазандағы № 140 шешіміне сәйкес 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылу мерзімімен белгіленген болатын.