Жаңалықтар

17.11.2023 (Обновлено: 21.11.2023 17:51)

ЕЭК көлік бойынша 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын пысықтауды жалғастырады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Беларусьтың Көлік және коммуникациялар министрі Алексей Ляхновичпен көлік саласындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын, автомобиль, теміржол, су және әуе көлігі саласындағы реттеуді айқындайтын құжаттарды дайындау мәселенамасын талқылады. Кездесу ЕЭК министрінің 15-17 қарашадағы Минскіге сапары шеңберінде болып өтті.

Тараптар ЕАЭО елдерінің 2024-2026 жылдарға арналған көлік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша жол картасын дайындауды жан-жақты қарастырды. Арзыбек Кожошев жол картасының сарапшылық деңгейде қағидатты келіспеушіліктері анықталған іс-шараларын белгілеп көрсетіп, жұмыс алгоритмін ұсынды. 

"Бұл кезеңде пікірсайыстарды құжат жобасы шеңберінен тыс шығару, даулы редакциялар бойынша жұмысты Комиссияның консультативтік, кеңесу алаңдарында жалғастыру, ымыралы шешімдерге қол жеткізу және жол картасын толықтыру өте маңызды. Құжатты 2024 жылдың І жарты жылдығында Үкімет басшылары қабылдауға тиіс", - деп атап өтті ЕЭК министрі.

Еуразиялық министр мен Беларусь министрі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің кезекті отырысында көлік саясатын іске асыру мәселелерін, салалық интеграция проблемаларын және оның перспективаларын талқылау жайында уағдаласты.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдері туралы" № 19 шешімін орындау шеңберінде әрбір үш жылға арнап қалыптастырылады. Қазіргі уақытта 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.