Жаңалықтар

03.07.2024

ЕЭК БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясымен ынтымақтастықты кеңейтеді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов 24 маусымнан 12 шілдеге дейінгі аралықта Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде өтетін БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) сессиясына қатысты.

Сессияға қатысушылар халықаралық инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі консультациялық орталық жарғысының жобаларын, сондай-ақ халықаралық инвестициялық даулардың салдарын жеңілдетуді болдырмау жөніндегі аспаптар жиынтығын талқылады.

Сапар барысында ЕЭК министрі ЮНСИТРАЛ хатшысы Анна Жубан-Бремен және ЮНСИТРАЛ «Инвесторлар мен мемлекет арасындағы дауларды реттеу реформасы» III жұмыс тобының хатшысы Джэ Сон Лимен кездесті. Инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу жүйесін реформалау, сондай-ақ халықаралық инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі консультациялық орталық құру мәселелері талқыланды.

«Біз консультациялық орталық құрылған жағдайда және ЕАЭО-ның барлық мемлекеті мен ЮНСИТРАЛ мүдделілігі кезінде оның жұмысына өңірлік экономикалық интеграцияны ұйымдастыру ретінде қосылу мүмкіндігін қараймыз», — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, ЕЭК министрі мен ЮНСИТРАЛ хатшысы екі ұйымның Өзара түсіністігі туралы меморандум түрінде қалыптасқан және серпінді дамып келе жатқан қатынастарды ресімдеу туралы уағдаласты.

Кездесу соңында Бақыт Сұлтанов пен Анна Жубан-Бре ЕЭК пен ЮНСИТРАЛ ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін растады. Тараптар ЮНСИТРАЛ жұмыс топтары мен ЕЭК консультативтік органдарының күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін тұрақты консультациялар өткізу туралы уағдаластығына қол жеткізді. 

БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) БҰҰ жүйесінің халықаралық сауда құқығы саласындағы негізгі органы болып табылады.

ЮНСИТРАЛ халықаралық шарттық практика, тауарға ілеспе құжаттар, дәрменсіздік, электрондық сауда, сондай-ақ дауларды, соның ішінде инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу сияқты бірқатар салада заңнамалық құралдарды дайындаумен айналысады.