Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында әлеуметтік зерттеулер жүргізу жөнінде ұсыным қабылдады.
Одақ мемлекеттеріне сатып алушылардың қорғалу деңгейін бағалау үшін осындай зерттеулер жүргізуге орайлас тәсілдемелерді ескеру ұсынылды. Тәсілдемелерде, атап айтқанда, әлеуметтік сауалдамалар барысында іске асырылатын зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Міндеттердің арасында - тұтынушылар құқықтарының қорғалу деңгейі туралы статистикалық деректерді жинау; халықтың осындай қорғалу деңгейіне қанағаттану көрсеткіштерінің динамикасын талдау; адамдардың құқықтар мен қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болуын зерделеу; ақпараттың неғұрлым тиімді арналарын пайдалану негізінде тұтыну құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық – ағарту жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және тағы басқалар бар.
Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-шаралары бағдарламасынасәйкес әзірленген және одақтық елдер азаматтарының осы саладағы құқықтық қорғалуы туралы қоғамдық пікірді зерделеуге арналған бірлескен әлеуметтік зерттеу жүргізудің бірінші кезеңі болып табылады.
Зерттеу нәтижелері ЕАЭО-да тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдігін күшейтуге бағытталған шешімдер әзірлеу үшін қолданылатын болады.