Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 25 қыркүйектегі отырысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы транзиттік декларацияның нысаны мен оны толтыру тәртібін айқындайтын №73 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
Өзгеріс бизнеске тауарларға арналған декларацияны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы әкету және әкелу пункттері арасындағы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты транзиттік декларация ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы №73 шешімі күшіне енген күннен бастап пайда болатын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Бұл ретте Одақ мемлекеттері кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пысықтау қажеттігін ескере отырып, ЕЭК Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы №73 шешімінің күшіне ену мерзімі 2023 жылғы 1 қазаннан 2024 жылғы 1 сәуірге ауыстырылды.
Анықтама
Тауарларға арналған декларацияны кедендік аумақ бойынша кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес, сондай-ақ Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы әкету және әкелу пункттері арасында өткізілетін тауарларға қатысты, соның ішінде құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты транзиттік декларация ретінде пайдаланған кезде оны толтыру ерекшеліктері Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің тиісінше VII және VIII бөлімдерінде айқындалған.