Жаңалықтар

24.08.2022 (Обновлено: 01.09.2022 10:53)

ЕЭК ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алуды цифрландыру жөніндегі шаралар тізбесін бекітті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының өкімімен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік сатып алуды толық мәнді цифрландыру жөніндегі шаралар тізбесі бекітілді. Мәселе Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру, сондай-ақ Қатысушы елдер экономикасының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесі шеңберінде қаралды.
ЕЭК бекіткен құжат электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық форматта сатып алудың барлық бәсекелес рәсімдерін жүргізу үшін құқықтық негізді қалыптастыруға байланысты мәселелерді пысықтауды, сондай-ақ осындай рәсімдерді өткізу мерзімдерін қысқартуды көздейді. Бұдан өзге, оған мемлекеттердің қолда бар сатып алу ақпараттық жүйелерін жетілдіру мүмкіндігіне, оларда банктік кепілдіктердің цифрлық тізілімдерін қалыптастыру үшін қосымша модульдер құруға, сатып алуды жүзеге асыру кезінде сөз байласуды қадағалап отыруға қатысты іс-шаралар кірістірілген.
 ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтің сөзінше, құжат сатып алуға қатысушылар арасындағы адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді.
«ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу рәсімдерін цифрландыру — ЕАЭО-ның барлық елінің өнім берушілерінің бір-бірінің сатып алуына қатысуға толық мәнді қол жеткізуін қамтамасыз етудің маңызды элементі. Комиссия бекіткен тізбе Одақ мемлекеттерінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын веб-порталдардың бағдарламалық-аппараттық кешендерін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды кірістіреді. Осы іс-шараларды сапалы жүзеге асыру үшін біз уәкілетті органдар мен сауда жүйелері операторлары өкілдерінен жұмыс тобын құруға уағдаластық. Біз елдер сарапшыларымен бірлесіп, ұлттық ЭЦҚ-ны өзара тану қағидаларымен жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді, бұл ЕАЭО мемлекеттік сатып алуын толық цифрландыру үшін маңызды болып табылады», — деп құжатқа түсіндірме берді Арман Шаққалиев.