Жаңалықтар

03.06.2024

ЕЭК құрғақ сылақ гипс қоспалары нарығында адал бәсекелестікті қалпына келтірді

Еуразиялық экономикалық комиссияның берген ескертуіне жауап ретінде «Alina Group» ЖШС (Қазақстан Республикасы) құрғақ сылақ гипс қоспаларының трансшекаралық нарығында жосықсыз бәсекелестік белгілерін жойды.


Бұған дейін Комиссияға жосықсыз бәсекелестік туралы өтінішпен «УК «ВОЛМА» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) жүгінген болатын.

«Alina Group» ЖШС-ның «СЛОЙ» тауар таңбасын тіркеу және пайдалану бойынша іс-әрекеттеріндегі өтінішті (ескерту хаттары мен сотқа дейінгі шағымдарды жіберу) қарап, Комиссия кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға бағытталған құрғақ сылақ гипс қоспаларының трансшекаралық тауар нарығында жосықсыз бәсекелестік белгілерін анықтады. «Alina Group» ЖШС-ның мұндай іс-әрекеттері, шын мәнінде, бәсекелестің қалыптасқан шаруашылық байланыстарын бұзуға, жеткізілім көлемін төмендетуге бағытталған.

Бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу белгілері бар әрекеттерді тоқтату және бұзушылықтың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою үшін Комиссия «Alina Group» ЖШС-ға ескерту берді.

Белгіленген мерзімде «Alina Group» ЖШС аталған ескертудің орындалғаны туралы Комиссияға хабарлады, бұл ресейлік шаруашылық жүргізуші субъектілерге Қазақстан Республикасының нарықтарына құрғақ сылақ гипс қоспаларын жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұзушылық белгілерін жою бойынша ескертулердің барлық талаптарының орындалуын ескере отырып, ЕЭК өтінішті қарауды тоқтатты.