ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев атап көрсеткендей, ЕАЭО пандемиядан кейін іле-шала жаңа қиындықтарға тап болды. Санкцияларға байланысты Россия мен Беларусьтың ЕАЭО экспортының тең жартысы және импортының жартысына дерлігі үлесіне тиетін Еуропалық одақпен қатынастары іс жүзінде дәрменсіз болып қалды.
«Тауар өткізу тізбегі бұзылып, шикізат пен биржалық тауарлардың, соның ішінде азық-түліктің бағасы өсуде. Мұндай жағдайларда ОДМ орындауға қол жеткізу, әсіресе аштықты жоюға (ОДМ 2) және денсаулық пен саламаттықты қамтамасыз етуге (ОДМ 3) қатысты қиын болады. Көптеген елдерден азық-түлік нарықтарының бейберекеттік үрдісін көріп отырмыз. Оларды қалай тұрақтандыру керектігін ойлауымыз керек. Әлемде бар ресурстар мен технологиялар 20 миллиард адамға азық-түлік өндіруге мүмкіндік береді, бұл планетада тұратындардан екі есе көп. Мәселе оларды әділ бөлу, тең құқықты халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту және резервтік валюталардың эмитент елдерінің сандық жұмсарту саясаты есебінен бағаны көтеру болып табылады», — деді Сергей Глазьев.Сергей Глазьевтің пікірінше, халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды байсалды реформалау талап етіледі. «Біз Еуразиялық биржалық кеңістікті дамыту міндетін қойып отырмыз, санкциялар үшін қол сұғылмайтын жаңа халықаралық валюта-қаржы жүйесін қалай әзірлеу керек деп ойлаймыз».
«Бүгінде ШЫҰ ашық және өзара тиімді ынтымақтастық кеңістігін қалыптастырудың түйінді буыны болып отыр. ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің қатысуымен Еуразиялық өңір бейбітшілік пен игі саламаттықтың кеңістігі болады», — деді Муратбек Азымбакиев.Дөңгелек үстелге қатысушылар пандемия мен ағымдағы дағдарыс Орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы прогресті тоқтатты деп түйіндеді. Мәселен, АСЕАН Хатшылығы АСЕАН интеграциясы мониторингі департаментінің директоры Ахмат Зафарулла 2020 жылдан бастап 10 миллионнан астам адам ең кедейшілік деңгейіне оралғанын атап көрсетті. Сонымен бірге, АСЕАН-да пандемиядан кейінгі қалпына келтіру жалғасуда, бұған саудадағы сұраныстың өсуі мен көрсетілетін қызметтер саласына, өндіріс пен технологиялық салаларға белсенді инвестициялар ықпал етуде. Алайда Украинадағы жағдаят әсіресе азық-түлік, отын және тыңайтқыштар жеткізілімдерінің жаһандық тізбегін бұзуы мүмкін.
«ЕО басқа жеткізілім көздеріне қосылу және жасыл күн тәртібін тездету есебінен Ресей газына тәуелділіктен кетудің өршіл жоспарын хабарлауда. Бірақ біз іс жүзінде жасыл күн тәртібінен бас тартуды және көмір қуаттарын пайдалануды байқап отырмыз. Сондай-ақ атом энергетикасын пайдалану туралы әңгіме қайта басталды».Сергей Глазьев санкциялар іс жүзінде «жасыл күн тәртібіне крест қойды» деп мәлімдеді.
«Ресейлік энергия ресурстарынан бас тарта отырып, ЕО экологиялық емес отын (мысалы, көмір) түрлерін пайдалануды кеңейтеді. Бұл таза энергияға қол жеткізуге (ОДМ 7) және климаттың өзгеруіне қарсы күреске (ОДМ 13) қатысты ОДМ орындаудан айтарлықтай артта қалушылыққа алып келеді. Біз бүгін ЕАЭО-да парниктік газдардың ғана емес, халықтың денсаулығына теріс әсер ететін басқа да зиянды газдардың шығарындыларын реттейтін жүйелі экологиялық күн тәртібін қалыптастыруды талқылаймыз. Біз экологиялық күн тәртібін кеңейту керек деп санаймыз», — деді ЕЭК министрі.«Сбербанк»-тің ESG жөніндегі аға вице-президенті Татьяна Завьялова Ресейдің, Қазақстанның және ЕАЭО-ның басқа да елдерінің атқарымдары негізінде ЕАЭО-да жасыл қаржының бірыңғай таксономиясын құруды ұсынды. Оның сөзінше, бұл ЕАЭО аумағында жасыл жоба түсінігін бекітуге және оның кез келген жерінен осы салаға инвестицияларды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Мальдив Республикасы Ұлттық жоспарлау, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым министрінің орынбасары Фатимат Ниума өз еліндегі жасыл жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті, ал Ресей Федерациясындағы ЮНИДО халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығының директоры Сергей Коротков бәрін қамтитын және орнықты индустрияландыруды (ОДМ 9) қамтамасыз етуге жәрдемдесу мен өнеркәсіпте жасыл сутекті пайдалануды ынталандыру жөніндегі жаһандық бағдарламаны іске қосуға жан-жақты тоқталды.
Қорытындыда БҰҰ Сауда және даму конференциясының макроэкономика және даму саясаты бөлімшесінің басшысы Анастасия Несветайлова 2022 жылға арналған болжамдардың өзгергеніне назар аударды.
«Тұтастай алғанда, әлемде өсу болады, бірақ ол фрагментті болады және жанжалға тартылған елдерге қатысты болмайды. Біздің есептеулеріміз бойынша, сыртқы мемлекеттік борышты өтеу үшін дамушы елдерге 310 млрд АҚШ доллары талап етіледі», — деп атап өтті Анастасия Несветайлова.Дөңгелек үстелді қорытындылай келіп, модератор – ЕЭК Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Асқар Жаппарқұлов пікірсайыстың дер кезінде жүргізілгенін және планета мен қоғамның орнықты дамуына қол жеткізу үшін халықаралық диалогтың қажеттігін атап өтті.