10 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Алишеров БҰҰ-ның Статистика жөніндегі комиссиясының төрағасы, Швейцария Федералды статистикалық басқармасының бас директоры Жорж-Симон Ульрихпен келіссөздер жүргізді.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, БҰҰ-ның Статистика жөніндегі комиссиясының құрамын кеңейту перспективалары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оның кеңейтілген құрамына кіру мүмкіндігі және ЕЭК-тің бақылаушы ретінде қатысуы қарастырылды.