Жаңалықтар

10.11.2016

«2016 жылы ЕАЭО жағдайында бизнес субъектілері жұмысының артықшылықтары мен ерекшеліктері» атты халықаралық конференция

Бет мазмұны 10 қарашада Гродно қаласында (Беларусь) Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергеновтің  төрағалығымен «2016 жылы ЕАЭО жағдайында бизнес субъектілері жұмысының артықшылықтары мен ерекшеліктері» атты халықаралық конференция  өтеді.Конференция барысында экономиканың түрлі салаларында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің трансшекаралық тауар нарықтарында бәсекелестіктің тең жағдайлары мен тауарлардың еркін тасымалдануын қамтамасыз ету және өзара саудадағы тосқауылдарды алып тастау мәселелері қаралады деп жоспарланып отыр. Іс-шараға қатысушылар трансшекаралық тауар нарықтарындағы (халықаралық теміржол тасымалдары, электр энергиясы, халықаралық байланыс (роуминг) қызметтерін көрсету, тамақ өнімдері, мұнай өнімдері, фосфат шикізаты, жүк автомобильдері мен қосалқы бөлшектер) бәсекелестіктің жай-күйін, жосықсыз бәсекелестікке, бәсекелестікке қарсы келісімдерге тыйым салуды сақтауды, үстем жағдайды теріс пайдалануды талдайды. Қатарлас импорт, монополияға қарсы заңнаманы үндестіру мен жетілдіру, мемлекеттік сатып алу мәселелері талқыланатын болады. Конференция шеңберінде сонымен қатар автомобильдер мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді өткізу және оларға қызмет көрсету нарықтарында, фармацевтика нарығында Адал сауда практикалары кодекстерін,  Сауда желілері мен жеткізушілердің өзара қарым-қатынастарының адал практикалары кодексін әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша ақпарат және т.б. ұсынылады. Конференцияға қатысу үшін ЕАЭО, ТМД және алыс шетел мемлекеттік органдары мен монополияға қарсы ведомстволарының басшылары, парламент депутаттары, Еуразиялық экономикалық одақ судьялары, дипломатиялық миссиялардың, ғылыми топтардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері шақырылды.Конференция өтетін орын: Беларусь, Гродно қаласы, Ожешко көшесі, 3-үй, Гродно облыстық атқару комитетінің отырыс залы​ ​