Жаңалықтар

30.09.2016

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергеновтің брифингі

Бет мазмұны30 қыркүйекте 11.00-де Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергеновтің төрағалығымен «Еуразиялық экономикалық одақтағы монополияға қарсы реттеу» тақырыбына арналған халықаралық конференция өтеді. ЕАЭО трансшекаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестікке тең жағдайларды қамтамасыз етудің бірқатар өзекті мәселелерін, соның ішінде жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу, бәсекелестікке қарсы келісімдер (картельдер), тау-кен өнеркәсібі саласындағы, сондай-ақ көлік пен байланыстың трансшекаралық нарықтарындағы үстем жағдайды теріс пайдалану мәселелерін талқылау жоспарлануда. Бұдан өзге, Одақ мемлекеттерінің ұялы байланыс саласындағы заңнаманы үндестіру және кедергілерді жою мәселелері, дистрибьютерлік және дилерлік келісімдерді жасасу кезіндегі бәсекелестікке қарсы практикалар қаралмақ. Конференция шеңберінде Автомобильдерді өткізу мен оларға қызмет көрсету және оларға арналған қосалқы бөлшектер нарықтарында, фармацевтика нарығында Адал сауда практикалары кодекстерінің, сауда желілері мен жеткізушілердің және т.б. өзара қатынастарының Адал практикалары кодексінің және басқаларының әзірленімдері мен оларды енгізу де ұсынылады. Конференцияға ЕАЭО мемлекеттерінің мемлекеттік органдары мен монополияға қарсы ведомстволарының басшылары, парламенттерінің депутаттары, Еуразиялық экономикалық одақ Сотының судьялары, дипломатиялық миссияларының, ғылыми топтарының, бизнес-қоғамдастығының, БАҚ өкілдері шақырылды.  13.00-де ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергеновтің брифингі жоспарлануда. Баспасөзді аккредиттеу: e-mail: laura@eecommission.org, +7 926 6802010, +7 495 6692400, қосымша 5412 – Лаура Жүсіпбекова; abdimaulen@eecommission.org, +7 9647694944, +7 495 6692400, қосымша 5479 – Арман Әбдімәулен. Өткізілетін орны: Бішкек,  Аалы-Токомбаев көшесі, 21/2, Jannat regency, Columns hall қонақүйі.