Күнтізбе

14.11.2016

«ЕАЭО-ның экономикалық даму сын-қатерлері мен мүмкіндіктері: өңірлік және жаһандық контекст»

Бет мазмұны14 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) және Мемлекетаралық банкпен бірлесе отырып, «ЕАЭО-ның экономикалық даму сын-қатерлері мен мүмкіндіктері: өңірлік және жаһандық контекст» атты халықаралық өңірлік семинар ұйымдастырады. Семинар әлемдік экономика дамуының өзекті мәселелеріне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық  одақ мысалында өңірлік интеграциялық блоктардың келісілген макроэкономикалық саясатын жүргізу тұрғысында Еуразиялық кеңістікте елдердің интеграциялық жақындастырылуы аспектілеріне арналды. Бүгінде әлемдегі экономикалық өсу қарқындары мардымсыз болып қалуда; дамыған елдердің де, дамушы елдердің де экономикалары жүйелік сипаттағы елеулі сын-қатерлерге кезігіп отыр. Қытайдағы және Еуропалық одақтағы экономикалық дамудың бәсеңдеуі, шикізат және энергетика қорларына төмен бағалар деңгейі, жаһандық ауқымдағы үйлестірілген ынталандырғыш макроэкономикалық шаралардың болмауы өтпелі экономикасы бар көптеген дамушы елдер мен мемлекеттер ұлттық қаржылық тұрақтылық аспектілері мен ынталандырғыш шараларын бір мезетте теңгерімдеуге талпынып жатқандағына алып келді. Жаһандық сипаттағы жүйелік тәуекелдердің ұлғаю үрдістері бар. ЮНКТАД дамушы елдер тұрақсыз әлемдік қаржы нарықтарының, соның ішінде капиталдың жаппай алыпсатарлық ағындарының әсеріне барған сайын әлсіз болып бара жатқандығына байланысты сақтандырады. Сөйтсе де, нарықтары қалыптасып келе жатқан елдердің қаржылық салаларын реттемеу экономикалық өсімнің ұзақ мерзімді динамикасы үшін тиісті теріс салдарымен бірге, капитал салудың тиімділік көрсеткіштерін корпорациялардың төмендетуіне апарып соқтырады. Айтылғанды есепке ала отырып, алдағы семинар шеңберінде Комиссияда жаһандық және өңірлік даму үрдістерін, олардың Еуразиялық экономикалық одаққа ықпал етуін талқылау, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің алдында тұрған мүмкіндіктер мен сын-қатерлерге талдау жасау бағамдалуда.  Семинарда БҰҰ жүйесінің жетекші халықаралық экономикалық ұйымдары  (ЮНКТАД, ЭСКАТО, ХВҚ, Дүниежүзілік Банк) әлемдік және өңірлік экономиканы дамытудың ең проблемалы аспектілеріне арналған өздерінің жыл сайынғы баяндамаларын ұсынады. Мемлекетаралық банк ЕАЭО шеңберінде өзара есептесулерде ұлттық валюталарды енгізу перспективаларына шолу жасайды. Жоспарланған сөз сөйлеулердің қорытындылары бойынша сыртқы күйзелістердің теріс әсерлерін, соның ішінде өңірлік интеграциялық блоктар мен бірлестіктердің  үйлестірілген макроэкономикалық саясатын жүргізетін құралдары арқылы жою жөнінде Одақ мемлекеттеріне ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған ауқымды сараптамалық пікірталас бағамдалуда. Халықаралық экономика институттары баяндамаларының таныстырылымы орыс тіліне ілеспе аудару мүмкіндігімен ағылшын тілінде жүзеге асырылады  Өңірлік семинардың ағылшын тіліндегі бағдарламасы  Өңірлік семинардың орыс тіліндегі бағдарламасы Өткізілетін жері: Мәскеу қаласы, Смоленск бульвары, 3/5,  1-құр, конференц-зал (4-қабат, № 408).  Барлық қатысуға тілек білдірушілерді семинарда бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз және өз қатысуыңыз жайлы Румянцева Юлия Владимировнаға  +7(495) 669 24 00 (қосымша 4698) телефоны арқылы немесе rumyanceva@eecommission.org  электронды поштасы арқылы 2016 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде растауыңызды сұраймыз. Байланысушы адам: ЕЭК Макроэкономикалық саясат департаментінің келісілген макроэкономикалық  саясат жүргізу кезідегі ынтымақтастық бөлімі бастығының орынбасары Плачинда Лариса Юрьевна,  тел. +7(495) 669 24 00 (қосымша 4655), электронды пошта: plachinda@eecommission.org Анықтама Мемлекетаралық банк Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің мемлекеттік капиталы  100% қатысатын халықаралық банктік есептік және кредиттік институт болып табылады.​​