Жаңалықтар

01.12.2022 (Обновлено: 13.12.2022 10:28)

ЕАЭО-ның жас мемлекеттік қызметшілерінің форумы: Одақ Еуразиялық жастарға көп жаңа мүмкіндіктер береді

Красноярскіде (Ресей Федерациясы) өткен ЕАЭО жас мемлекеттік қызметшілерінің форумына қатысушылар "Жастар стратегиясы: Еуразия біріктіреді" панельдік сессиясында Еуразиялық экономикалық одақ елдері жас мемлекеттік қызметшілерінің жүйелі өзара іс-қимылын ұйымдастыру перспективаларын талқылады.

Іс-шараны Еуразиялық экономикалық комиссияның Жастар кеңесінің, "Росмолодежь"-дің, РФ Жастар үкіметтері қауымдастығының және бірқатар мемлекеттік және қоғамдық құрылымның қолдауымен Краснояр өлкесі дублерлерінің Жастар үкіметі ұйымдастырды.  Сессия модераторы Ресей СІМ Жас дипломаттар кеңесінің төрағасы Константин Колпаков болды, ол Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың құттықтау сөзін оқып берді. ЕЭК Жастар кеңесі атынан төрағаның орынбасары Илья Кузьмичев өкілдік етті.

"ЕАЭО Одақ ішіндегі кеңістікті және үшінші елдердің нарықтарын аша отырып, жастар үшін көп жаңа мүмкіндіктер береді. Жас мемлекеттік қызметшілердің интеграция процестеріне қатысуы қазір қай кездегіден де өзекті",- деп атап өткен Илья Кузьмичев, Одақ елдерінің жас мемлекеттік қызметшілерінің өзара іс-қимылы жөніндегі трек алғаш рет осы жылғы тамызда Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) өткен ТМД және ЕАЭО І Жастар форумының бағдарламасында пайда болғанын атап көрсетті.

Ресей СІМ Красноярскідегі өкілі Артем Захаров, Ресей Жоғары білім және ғылым министрлігінің халықаралық жастар ынтымақтастығы мен туризмі бөлімінің бастығы Артем Фомин, «Жастар» (Қазақстан) ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзиз Ысқақов, сондай-ақ Қырғызстан Жастар конгресі төрағасының орынбасары, Қырғызстанның біріккен жастар ұйымының төрағасы Даниэл Чеченбеков те сессияның спикері болды. 

Форумның іскерлік бағдарламасы шеңберінде бірқатар тақырыптық пікірсайыс болып өтті. "Жас мемлекеттік қызметшілер. Бастау алу және оқыту нүктесі" сессиясы барысында  жас мемлекеттік қызметшілердің Еуразиялық экономикалық интеграция процестері туралы хабардарлығын арттыру, біліктілікті және тағылымдамадан өтуді арттыру саласында ортақ тәсілдемелерді іздеу мәселелері талқыланды.  "Жаңа уақыттағы саясат" сессиясы Үлкен Еуразиялық әріптестік бастамасы тұрғысында ЕАЭО-ның халықаралық қызметіне арналды. Сессия модераторы РХШжМҚА Құқық және ұлттық қауіпсіздік институты директорының орынбасары Валерий Смирнов болды.

Бұдан басқа, "Жастардың ЕАЭО-ны дамытуға көзқарасы" сессиясы барысында Одақтың жас көшбасшылары өз жастар ұйымдары табыстарының тарихымен бөлісті, Одақтың жастар күн тәртібін іске асыру тұрғысында ағымдағы қызмет пен жоспарлар жайында айтты. Бұл пікірсайыстардың спикері ЕЭК Жастар кеңесі атынан Илья Кузьмичев болды.

Сарапшылардың басшылығымен ақылмандар ой-талқысы форматында ЕАЭО елдерінің жас мемлекеттік қызметшілерінің бірлескен жобаларды тұжырымдауына бағытталған практикалық-бағдарламалық жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, жастар көшбасшылары Одақ мемлекеттерінің кәсіби жастары арасында орнықты коммуникация құруды, бейінді "президенттік" базада мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша кәсіби білім берудің бірлескен бағдарламаларын дамытуды, сондай-ақ форумдық одақтық алаңдар барысында таңдаулы практикамен белсенді алмасуды ұсынды. Ұсыныстар арасында - ЕАЭО тақырыптамасы бойынша барлық жария сарапшылық іс-шарамен бірге әлеуметтік желілерде чат-бот құру бар.