Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян "Ресейлік өнеркәсіпші-2024" халықаралық форум-көрмесінің пленарлық сессиясының жұмысына бейне-форматта қатысты.
Гоар Барсегян Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ экономикалық мүддесі өнеркәсіптік әріптестік инфрақұрылымын дамытуды ынталандыратынын атап өтті. Мұның мысалы қабылданған, ЕАЭО елдерінің экономиканың нақты секторындағы қызметінің басымдықтарын айқындайтын, жаңа "2030 жылға дейінгі кезеңге арналған өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары" атты стратегиялық құжат болып табылады. Бұлардың арасында – Одақтың ішкі нарығының әлеуетін пайдаланудағы күш-жігерді біріктіру, өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты дамыту, экспорттық нарықтардағы өзара іс-қимыл бар.
ЕЭК министрі форум қатысушыларына ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау механизмі туралы да айтып берді.
"Бұл экономиканың нақты секторындағы интеграцияның жаңа деңгейі. Қолдау шарасы ретінде бірлескен жобаларды іске асыруға қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық ставканы Одақ бюджетінен субсидиялау айқындалды. Біздің елдеріміздің басшылары мұндай жобалар үшін бұрын – соңды болмаған шарттарды мақұлдады – бұл мүше мемлекеттің орталық банкінің түйінді ставкасының жүз пайыздық өтемақысы. "Жаңа механизм пилоттық ретінде әзірленді және жобаларды жеңілдікпен кредиттеудің тиісті жүйесі ЕАЭО-да бес жыл бойы жұмыс істейтін болады", – деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
Гоар Барсегян бизнес өкілдерімен тікелей диалог өзара қызығушылық негізінде Еуразиялық кооперациялық жобаларға қатысушыларды тартудың өзекті мәселелерін шешуде түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді", – деп тиянақтады.