Жаңалықтар

22.12.2023

Гоар Барсегян: "Ресей төрағалығының басымдықтарын іске асыру ЕАЭО-ның көп полярлы әлемнің өз игілігі өзіне жететін полюсі ретінде қалыптасуына ықпал етеді"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян бұл туралы "Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақта төрағалық етуінің қорытындылары" дөңгелек үстелінде мәлімдеді. Іс-шара 22 желтоқсанда Мәскеуде Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бастамасы бойынша болып өтті.

Гоар Барсегян ағымдағы жылдың басында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Төрағасы, Ресей Президенті Владимир Путин белгілеп көрсеткен басымдықтар жан-жақты сипатта және ынтымақтастықтың әртүрлі саласына қатысты екенін, соның ішінде 2025-Стратегиясын іске асыруға және стратегиялық жоспарлаудың жаңа құжаттарын әзірлеуге бағытталғанын атап көрсетті. Ресей төрағалығының басымдықтары қатарында сондай-ақ Одақтың институционалдық құрылымын жетілдіру, технологиялық егемендікке қол жеткізу және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инвестициялық ынтымақтастықты арттыра түсу, ақпараттық технологияларды ендіру, ұлттық төлем құралдарының рөлін арттыру, халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды тереңдету, әлеуметтік және жастар бастамаларын қолдау бар.

Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Комиссияның бүкіл жыл бойы тараптармен бірлесіп, Ресей төрағалығының басымдықтарын орындау үстінде болғанын атап өтті.

Сондай-ақ Гоар Барсегян бұл жұмыстың бірқатар түйінді нәтижесіне тоқталып, "Ресей Президенті ұсынған іргелі бастаманы – Еуразиялық интеграциялық өзара іс-қимылдың негізгі векторларын орта және ұзақ мерзімді перспективаға қоятын жаңа құжатты дайындауды үлкен ынтамен қабылдадық. Өте қысқа мерзімге қарамастан, біз қойылған міндетті толық көлемде іске асыра алдық, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясының жобасы әзірленді" деді.

ЕЭК өкілі ЕАЭО елдерінің басшылары құжатқа 25 желтоқсанда Санкт-Петербургтегі Жоғары кеңес отырысы барысында қол қоюды жоспарлап отырғаны туралы айтты, сондай-ақ осы бағыттағы бұдан арғы жоспарлармен бөлісті.

"Алда - Декларацияны іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеу тұр. Біз Ресей Федерациясының төрағалығы шеңберінде ЕАЭО органдарында бірлескен күш-жігермен құрған нәтижелі негіз Еуразиялық экономикалық интеграцияның жаһандық мақсатына қол арту жолында одан әрі табысқа жетудің бастапқы нүктесі болатынына сенімдіміз", – деп қорытындылады Гоар Барсегян.