Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі 2024 жылғы наурыздағы жай-күйі бойынша 2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда 100,4%, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102% құрады.
2023 жылғы наурызбен салыстырғанда ЕАЭО бойынша ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы айтарлықтай (8,7%) өскені байқалды. Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 7,5%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 6,7% өсті.
ЕАЭО-ға қарағанда, азық-түлік тауарлары бағасының өсуі Ресейде тіркелді (8,1%). Азық-түлік емес тауарларға бағаның ең көп өсуі Қырғызстанда (9,6%-ға) және Қазақстанда (8,2%-ға), ақылы қызметтер бойынша Қазақстанда (13,2%-ға) және Қырғызстанда (9,2%-ға) байқалды.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Тұтыну бағаларының индексі туралы» бөлімде берілген.