Жаңалықтар

19.01.2024

Үндістан ЕАЭО елдерімен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отыр

Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Николай Рогожник бастаған Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы Нью-Дели қаласында (Үндістан Республикасы) өткен Smart Cities India Expo халықаралық технологиялар және инфрақұрылым көрмесі мен конференциясына қатысты.

«Үндістан Еуразиялық экономикалық одақтың Оңтүстік Азиядағы стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Бізде электромобиль жасау, жаңартылатын энергетика, электронды өнеркәсіп, металлургия, фармацевтика, химия өнеркәсібі сияқты салаларда өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту әлеуеті бар», — деп атап өтті Николай Рогожник.

ЕЭК өкілдері өнеркәсіп саласындағы еуразиялық интеграцияның негізгі қағидаттары туралы айтып, іс-шараға қатысушылармен автомобиль электр көлігі, оның құрамдас бөлшектері және зарядтау инфрақұрылымы өндірісін дамыту тәжірибесі мен әзірлемелерін талқылады.

Комиссия өкілдері Үндістан Республикасының мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен өнеркәсіптік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін де қарастырды.

Үндістан тарапы негізгі салалардағы ынтымақтастық мәселелерін пысықтауды қоса алғанда, өнеркәсіп саласында ЕЭК-пен диалогты дамытуға қызығушылық танытты. Сонымен қатар үнділік бизнес өкілдері және Оңтүстік Азия кәсіпорындарының өкілдері ЕАЭО-да өткізілетін форумдық іс-шараларға қатысуға шақырылды.

Анықтама

Smart Cities India Expo халықаралық технологиялар және инфрақұрылым көрмесі мен конференциясы мәлімделген тақырып бойынша Азиядағы ең ірі іс-шаралардың бірі болып табылады. Көрмені өткізу барысында жаңартылатын энергия, ұшқышсыз және экологиялық көлік, электрондық басқару, байланыс жүйелері, деректерді сақтау және басқару, қала құрылысын жоспарлаудың инновациялық әдістері, логистика және т. б. сияқты салалардағы әзірлемелер арқылы Үндістан қалаларын ақылды және тұрақты дамуға ұмтылдыратын ірі компаниялардың да, жаңа буын стартаптарының да жетістіктері көрсетілді.