Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өту үшін мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын оған қол қою үшін мақұлдады және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкіметтеріне жіберді. Келісім мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды және тиімді әкімшілік ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының ұсынысын қарап, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тамаққа биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалаудың біріздендірілген қағидаларын белгілеу туралы шешім қабылдады. Қабылданған шешімге сәйкес, ББҚ-ға берілген қолданыстағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар тамақ өнімдерінің кең тізбесі таңбалануға жатады. Мүше мемлекеттер бұл туралы ЕЭК-ті алты айдан кешіктірмей хабардар ете отырып, өз аумағында өнімді сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу күні мен кезеңділігін дербес айқындауға құқылы.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының бастамашыл ұсынысын қарады және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде сыра негізінде дайындалған сыра мен сусындарды біріздендірілген қағидалар бойынша таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдады. Құжатқа сәйкес мүше мемлекеттер ЕЭК-ті бұл туралы алты айдан кешіктірмей хабардар ете отырып, өз аумағында көрсетілген өнімді сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу күнін және тәртібін дербес айқындайтын болады.