ЕЭК Кеңесі электрондық сауда тауарларына қатысты ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды растаудың уақытша тәртібін бекітті. Тәртіп сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобалар барысында қолданылатын болады
ЕЭК Кеңесі Одақтың «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне өзгерістер енгізді. 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін Ресейдің ішкі нарығында бейімделген немесе ішінара бейімделген бастапқы немесе кейінгі сұйық қоспаларды, ішетін кілегей мен сүтті, сондай-ақ 0,5 литрлік герметикалық қаптамадағы кішкентай балаларға арналған ашытылған сүт өнімдерін айналысқа шығаруға болады.
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесін зиянды организмдердің 11 түрімен толықтыру туралы шешім қабылдады, бұл — батыстық картоп бүрге қоңызы, батыстық шие шыбыны және басқа сияқтылар. Олар жеміс ағаштарына, көкөніс дақылдарына, гүлдерге және басқа өсімдіктерге зиян келтіреді және мүше елдердің экономикасына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның биологиялық дәрілік заттарына зерттеулер жүргізу қағидаларына қосымша қабылдады. Құжат қан препараттарына зерттеу жүргізудің бірыңғай, объективті және транспарентті қағидаларын белгілейді, сондай-ақ осы препараттардың қауіпсіздігі туралы дәйексіз деректерді ұсыну мүмкіндігін болдырмайды.
ЕЭК Кеңесі уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) үшін қосымша оңайлату белгіледі. Ол шетелдік тауарларды кеден органының рұқсатынсыз сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға мүмкіндік береді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесін іске асыру шеңберінде ЕЭК Кеңесі кедендік операциялар оларға қатысты бірінші кезектегі тәртіпте жасалатын тауарлар тізбесін кеңейтті. Енді тамақ өнеркәсібіне және өнеркәсіптің басқа салаларына арналған импорттық компоненттер кеденнен тез өткізілетін болады.
ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарына қолда бар ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін өзара сауда шеңберінде қант жеткізілімдерінің өзара шарты бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.
ЕЭК Кеңесі Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне цифрлық нарықтарда бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ Комиссияның осындай нарықтардағы өкілеттіктерін растау бөлігінде өзгерістер енгізді.
ЕЭК Кеңесі Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді қарау тәртібіне өзгерістер енгізді. Құжат Комиссия Алқасы шешімдерін ресімдеуге қойылатын талаптарды нақтылайды.
ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі