Жаңалықтар

23.09.2022

ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі отырысының қорытындылары

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 23 қыркүйектегі отырысында біріздендірілген қағидалар бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде көп мәртелік электрондық сигареттерді және ұқсас жеке электрондық буландырғыш құрылғыларды таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдады.

ЕЭК Кеңесі ЕЭК Алқасының сыртқы электрондық сауда саласында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде пилоттық жобаны жүргізу кезінде пайдаланылатын жедеғабыл жүктерге арналған тауарлар декларациясына түзетуді толтыру ерекшеліктерін айқындау мүмкіндігін көздеді.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері Индонезия Республикасымен бизнес-диалог өткізуге қатысты тапсырмаға қол қойды.

Одақтың сүт өнімдеріне және балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімге қатысты техрегламенттеріне өзгерістер енгізілді.

Сүт өнімдеріне және балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімге қатысты техрегламенттерге өзгерістер енгізілді

Орфандық және жоғары технологиялық дәрілік препараттарды таңбалаудың оңайлатылған жүйесі бекітілді.

ЕАЭО кедендік аумағы мен шекарасында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүргізу тәртібіне өзгерістер қабылданды.

Жеке тұлғалар үшін тауарларды 1000 еурода бажсыз әкелу шегінің қолданылуын 2023 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуға шешім қабылданды.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері Одақтың кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық құралдардың айналысын реттеудің бірыңғай қағидаларын қабылдады.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 7 қазанда бейнеформатта өтеді.