Жаңалықтар

30.03.2023 (Обновлено: 03.04.2023 17:31)

ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы отырысының қорытындысы

30 наурызда Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың төрағалық етуімен, ЕЭК Кеңесі мүшелерінің және ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің қатысуымен онлайн-форматта Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы болып өтті.

Жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелудің жоғары шегінің қолданылуы тағы алты айға ұзартылды. Сөйтіп, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелу шегі әуе көлігімен немесе жаяу тасымалдауды қоспағанда, тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдері арқылы тасымалданатын, көліктің барлық түрімен жүкпен әкелінетін тауарлар үшін 1000 еуроны және 31 кг құрайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде шикі құрақ қантын бажсыз әкелу түріне тарифтік жеңілдік ұсыну туралы шешім қабылдады.Беларусь Республикасына 100 мың тоннадан аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасына 350 мың тоннадан аспайтын көлемде, Қырғыз Республикасына 50 мың тоннадан аспайтын көлемде және Ресей Федерациясына 100 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін қант кедендік әкелу бажынан босатылады.

Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін шыққан елін растау қағидалары жаңа өндірістік шарттармен толықтырылды.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету бойынша 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Өзгертулер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы» мәселе қаралды. Өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру кезінде қаржылық көмек көрсету бөлігінде ЕАЭО туралы шартқа енгізілетін өзгертулер жобасы оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерге жіберілетін болады.

Ұлттық заңнамаға сәйкес медициналық бұйымдардың айналымын реттеу жағдайлары нақтыланды.

«Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне өзгертулер енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу үшін банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімнің жобасы мақұлданды.