Жаңалықтар

27.12.2023

ЕЭК Алқасы фосфаттардың жекелеген түрлеріне нөлдік баждардың қолданылу мерзімін ұзартты

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы фосфаттардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік мөлшерлемесінің қолданылу мерзімін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2510 20 000 0) екі жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

«Шара Еуразиялық экономикалық одақ аумағында фосфатты шектеулі өндіру көлемі жағдайында минералды тыңайтқыштар шығару бойынша өндірістік қуаттардың жүктемесін қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деп атап өтті ЕЭК кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Шараны қолданудың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және оны 2024 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолдану көзделген.

Анықтама

Көрсетілген шикізат түрлеріне қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының қолданыстағы мөлшерлемесі кедендік құнның 5% құрайды. Комиссия Алқасының 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 2 шешіміне және Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешіміне сәйкес 2021 жылғы 5 қаңтардан 2024 жылғы 4 қаңтарға дейін кедендік құнның 0% мөлшерінде кедендік әкелу бажының уақытша мөлшерлемесі қолданылады.