Жаңалықтар

17.12.2024

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-да денсаулық сақтау саласындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ұсынымды бекітті

Ұсынымды Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп 2025-Стратегиясын іске асыру шеңберінде дайындады және мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі экономикалық ынтымақтастығын дамытуды көздейді.

Құжат ынтымақтастықтың түйінді үш бағытын: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) және телемедицинаны дамытуды, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ медициналық технологияларды стандарттау саласындағы өзара іс-қимылды қамтиды. Мұндай ынтымақтастық мүше мемлекеттердің өзара мүдделілігі кезінде жүзеге асырылатын болады.

"Ұсынылған бастамаларды іске асыру Одақ мемлекеттерінің азаматтары үшін қазіргі заманғы медициналық технологиялар мен жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі" , – деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.


Бекітілген құжат телемедициналық көрсетілетін қызметтерді пайдаланудың озық тәжірибесі мен таңдаулы практикасын зерделеуді, АКТ пайдалануды қоса, азаматтарға трансшекаралық медициналық көмек көрсету кезінде қашықтықтан өзара іс-қимылды ұйымдастыруға орайлас тәсілдемелерді пысықтауды, осы бағыт бойынша ұсыныстар әзірлеуді және т. б. ұсынады.