Жаңалықтар

24.09.2024

Максим Ермолович: «Одақтың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы тең құқықтылық және ұлттық мүдделерді есепке алу, ашықтық, өзара пайда және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтіру тәуекеліне жол бермеу қағидаттарына негіз

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович және «Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы» АҚ президенті Игорь Артемьев Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының ортақ биржалық нарығын қалыптастыруды талқылады.

«Қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер талқылап жатқан тұжырымдама биржалық нарықтың барлық дерлік тауар номенклатурасын қамтуы тиіс. Біздің «бестік» елдерінің нарығында айналатын тауарлардың, ең алдымен шикізаттың көлемі мен номенклатурасы баға индикаторларының ұлтүстілік жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді ЕЭК министрі.

Құжат – дайындалу дәрежесі жоғары: жақын арада оны Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауы жоспарлануда.

«Біздің үкіметтеріміздің келісімі жағдайында болашақта толыққанды биржалық нарықтарды құру және олардың жұмыс істеуі қағидаттарын іс жүзінде біртіндеп қалыптастыру үшін тауарларды сату бойынша бірлескен сессиялар ұйымдастыруға ештеңе кедергі бола алмайды», – деп атап өтті Игорь Артемьев.