Жаңалықтар

25.02.2022

Үкіметаралық кеңес Одақ мемлекеттерінің авиажасаудағы ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі жол картасын бекітті

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде азаматтық авиажасау саласында өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі іс-шаралардың (жол картасының) 2022–2023 жылдарға арналған жоспарын бекітті.

«Біздің елдерімізде Одақ кәсіпорындарының авиажасау саласындағы әлеуетінің үлкендігін әрі оны толық шамасында іске асыруға тиіс екендігімізді түсіну бар. Бұл үшін қазір технологиялық және кадрлық мүмкіндіктер бар, тек күш-жігерді біріктіру ғана қажет»,- деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Жол картасында белгіленген іс-шаралар арасында - «Азаматтық авиажасау» Еуразиялық технологиялық платформасын қалыптастыру, қаржыландыру мәселелерін шешу, академиялық ұтқырлықты дамыту, Одақ елдерінің осы саладағы нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, кең көлемді талдау жұмысын жүргізу бар. Құжаттың түйінді міндеті Еуразиялық кеңістікте авиажасау кәсіпорындарының кооперациялық тізбегін қалыптастыру болып табылады.

«Біз Одағымыздың авиажасау саласының кәсіпорындарын бірыңғай өндірістік процестерге біріктіру жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырудамыз. Қазірдің өзінде авиажасауда бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруға қатысуға дайын ЕАЭО мемлекеттерінің мүдделі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірыңғай тізбесі қалыптастырылды және тұрақты негізде өзектілендіріліп отыр. Бүгінгі күнге Ресей тарапынан «Иркут» корпорациясы атынан МС-21 ұшағы жүйелерінің импорт алмастыру бағдарламасы шеңберінде күні бұрын келісімшарт жасалған жиынтықтаушы жабдықтың тізбесіне сәйкес кооперацияға мүдделі өнім берушілердің тізбесі алынды»,- деп хабарлады Артак Камалян.
ЕЭК министрі бүгіні таңда ЕАЭО елдерінде жиынтықтаушылардың осы тізімі бойынша ықтимал өнім берушілер болып табылатын кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамыту мәселесі пысықталып жатқанын атап көрсетті.

Анықтама

2020 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес авиажасау саласында ЕАЭО мемлекеттерінің өнеркәсіптік кооперациясын кеңейту және авиациялық өнеркәсіпті қоса, өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларында импорт алмастыру жөнінде комиссия құру міндетін қойды. Бұл жұмыстың міндеті - авиажасаудағы ынтымақтастықты жандандыру, жаңа кооперациялық тізбектерді іздеу, Одақ аумағында қосылған құн жасау.