Жаңалықтар

26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен келіссөздер жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Мемлекеттік әкімшілік кеңестің төрағасы, Мьянма Одағы Республикасының Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Өзара іс-қимыл туралы меморандумға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ пен Мьянма елдерінің ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. «Меморандумға қол қойылған сәттен бастап біздің ынтымақтастық жөннідегі экономикалық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша оң динамика байқалады. ЕАЭО мемлекеттерінің Мьянмамен тауар айналымы 2019 жылдан 2024 жылға дейін үш еседен аса ұлғайып, 1,5 млрд доллардан асты», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы Тараптардың бір-бірінің сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру өзара іс-қимылды дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Мин Аун Хлайн ЕАЭО мен Мьянма диалогына қосымша серпінді іскер топтар арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етеді деген ортақ пікірге келді. Бұл ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. ЕАЭО елдеріне Мьянмадан тасымалданатын негізгі тауар түрлері күріш, кофе, пальма майы, какао атбас бұршақтары болып табылады. Мьянмаға импортталатын тауаралар ішінде минералды тыңайтқыштар, тұтыну тауарлары, машиналар мен жабдықтар, металдар, тамақ майлары, цемент, дәрі-дәрмектер басым болып келеді.
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО аясында жыл сайын бизнес-құрылымдар бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысына қатысты. «Комиссияның жұмысы тұтастай алғанда біздің елдеріміздің кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін барынша тиімді пайдалануы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Біз іскер қоғамдастықпен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде. ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО аясында қомақты нормативтік-құқықтық база құрылғанын, экономиканың түрлі салаларында ұзақ мерзімді басымдықтар айқындалғанын, бұл бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл ретте Комиссияның Одақ елдерімен бірлесіп қалыптастырған Консультативтік кеңесті қоса алғанда, іскер топтармен өзара іс-қимылы механизмдері олардың мүдделерін барынша ескеруге көмектеседі. «Консультативтік кеңестің құрылуы «бір терезе» аясында кәсіпкерлермен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуге ықпал етті. Қазір біздің диалог бизнес сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Осы арқылы жыл сайын Одақ аясында бизнес-құрылым бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады және реттеуге енгізіледі», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Отырыс барысында еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері, оның ішінде ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат құралдары туралы іскер топтардың хабардар болу деңгейін арттыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіру мәселелері талқыланды. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты – ЕЭК-тің құзыретіне кіретін салаларда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындау бойынша Комиссияның және ЕАЭО Іскерлік кеңесінің тиімді диалогын қамтамасыз ету.  
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО және АӨСШК елдерінің сауда-экономикалық диалогының маңыздылығы артып келеді» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында ЕЭК пен АӨСШК арасындағы кейінгі диалог, атап айтқанда, Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері талқыланды. «Біз өзара мүдделерді ескере отырып, бірлескен қызметіміздің барлық перспективалық бағыттарын жоспарға енгіземіз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Бұл ретте ЕЭК Алқасының басшысы өңірдегі бірлескен бастамаларды ілгерілетуге баса назар аударуды ұсынды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастық жаһандық экономикалық процестер жағдайында өзектілігін арттыруда. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға келісті. ЕЭК пен АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға 2022 жылы қол қойылған болатын.
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «Экономикалық күштердің ұштасуы өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейтуге қабілетті» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумының «Мемлекетаралық бірлестіктер диалогы: экономикалық күштерді ұштастыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету» атты панельдік сессиясына қатысты. «Интеграция диалогы» – әлемдік экономиканы дамытудың басты трендтерінің бірі. Еуразиялық экономикалық одақты сауда-экономикалық қатынастардың жаһандық жүйесіне енгізудің маңыздылығын Одақтың барлық бес елінің басшылары үнемі атап көрсетіп келеді», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.  ЕЭК Алқасының басшысы Комиссияның мүше мемлекеттермен бірлесіп жүйелі халықаралық диалог үшін қажетті инфрақұрылым құрғанын атап өтті. Өңірлік мемлекетаралық бірлестіктермен ынтымақтастық туралы 12 меморандум жасалды. Олармен жүргізілген диалог үздік тәжірибе алмасу және сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыру үшін негіз болады. Комиссия мен Одақ арасындағы байланыстардың кең желісі бүкіл әлемде, соның ішінде Еуразия, Латын Америкасы, Африкада дамыды. Диалог сәтті дамып келе жатқан негізгі серіктестердің қатарына ТМД, ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР, БРИКС, АӨСШК, Анд қауымдастығы, Оңтүстік Американың ортақ нарығы, Африка одағы, Тынық мұхиты альянсы және басқалары жатады.   Серіктестік географиясын кеңейтудің негізгі құралы сауда келісімдері болып табылады. Олар Вьетнаммен, Иранмен, Сербиямен, Қытаймен жасалған. Индонезиямен келісім жасасу туралы келіссөздер соңғы сатыда деуге болады. 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында БАӘ және Моңғолиямен тағы екі сауда келісіміне қол қою жоспарланған. «Бүгінде ЕАЭО басқа ұйымдардың интеграциялық құрылымының оң тәжірибесін қабылдауға ғана мүдделі емес. Құрылған бірлестік бола отырып, біз серіктестерге өзіміздің ең жақсы тәжірибемізді ұсынуға дайынбыз. Біздің экономикалық әлеуетімізді ұштастыру өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейте алады», – деп түйіндеді ЕЭК Алқасының басшысы.
25 маусымның 2025 27 БАҚ Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері болды Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері ретінде алты елдің 27 ақпарат агенттіктері, телеарналары, газеттері мен желілік басылымдары болды. Армения Республикасының БАҚ: «Арменпресс» ақпарат агенттігі, «АрмИнфо» ақпарат компаниясы, Verelq ақпараттық-талдау орталығы, Alphanews.am ақпарат агенттігі, 24 NEWS.AM ақпарат агенттігі. Беларусь Республикасының БАҚ: «БелТА» ақпарат агенттігі, Беларусь Республикасының ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясы, «Звязда» Баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь Республикасындағы ВГТРК өкілдігі - «РТР-Беларусь» телеарнасы, «Екінші ұлттық телеарна» республикалық унитарлық кәсіпорны (ОНТ), «Астаналық телевизия» республикалық унитарлық кәсіпорны (СТВ), «Минск-Новости» агенттігі» мекемесі, «Бүгінгі Беларусь» баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь радиосының алғашқы ұлттық арнасы. Қазақстан Республикасының БАҚ: «Қазақпарат» ақпарат агенттігі, «Хабар» телеарнасы, «Іскер Қазақстан» ақпарат агенттігі, Inbusiness.kz ақпарат агенттігі, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы). Қырғыз Республикасының БАҚ: «Кабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі, Қырғыз Республикасының Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы. Ресей Федерациясының БАҚ: ТАСС ақпарат агенттіктері, «РИА Новости» ақпарат агенттігі. Халықаралық БАҚ: Sputnik ақпарат агенттігі және радио, «МИР» халықаралық телерадиокомпаниясы. Иран Ислам Республикасының БАҚ: Ислам Республикасының ақпарат агенттігі (ИРНА).
25 маусымның 2025 Валентин Татарицкий Беларусь өнеркәсіп министрінің орынбасары Андрей Кузнецовпен жұмыс кездесуін өткізді Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий мен Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрінің орынбасары Андрей Кузнецов Минскіде өткен жұмыс кездесуінде Беларусь ұлттық операторы мен көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды талқылады. Беларусь ұлттық операторы («ЦНИИТУ» ААҚ) мен электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісінің («Электрондық паспорт» АҚ) өзара іс-әрекет ету аясында анықталған бірқатар пікірталас тақырыптары қаралды. Атап айтқанда, электрондық паспорттар жүйесі аясында қолданылатын бірыңғай анықтамалықтар мен жіктеуіштерді дайындау және жүргізу тәртібі мәселелері талқыланды. Электрондық паспорттарды ресімдеу мақсатында Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтермен алмасуға ерекше назар аударылды. Тараптар маңызды ынтымақтастық барысына қанағаттанғандарын айтып, оның кейінгі қадамдарын белгіледі. Кездесуге «Электрондық паспорт» АҚ Бас директоры Илья Минкин, «ЦНИИТУ» ААҚ бас директоры Андрей Косовский, Беларусь мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институтының директоры Александр Скуратов қатысты. Беларусь ұлттық операторы мен әкімшісі арасында электрондық паспорттар мәліметтерімен алмасу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл туралы уақытша келісімге 2024 жылғы қарашада қол қойылған болатын.
25 маусымның 2025 Максим Ермолович ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының отырысында Комиссияның бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі жұмысын ұсынды ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович 25 маусымда Минскіде өткен ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында Еуразиялық экономикалық комиссия белсенді пайдаланатын бәсекелестікті адвокаттандырудың негізгі құралдары туралы айтты. Максим Ермолович блоктың бәсекелестік жөніндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметіне, «5+1» форматындағы кеңестерге, форумдарға, конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, түрлі әдіснамалық бастамаларға қатысуға баса назар аударды. ЕЭК министрі ақпараттық алаңдағы жұмысқа және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жеке тоқталып өтті. Максим Ермолович Беларусь бизнесімен жедел тікелей байланыс орнату, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ЕЭК-тің Беларусь бизнес қауымдастықтарымен өзара іс-қимылын дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді. ЕАЭО Іскерлік Кеңесі төралқасының отырысы Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасын ашты. Отырыстың күн тәртібінде іскерлік ахуалды жақсартудан және ішкі нарықтағы кедергілерді жоюдан бастап үшінші елдермен серіктестікке дейінгі көптеген мәселелер бар. Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік Кеңесінің төралқасы ЕАЭО елдерінің ірі іскерлік қауымдастықтарын біріктіреді. Онда Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері талқыланады және біріктіріледі.
Наталья Петкевич пен Гоар Барсегян Одақ аясында өнеркәсіп пен АӨК дамуын талқылады 25 маусымның 2025 Наталья Петкевич пен Гоар Барсегян Одақ аясында өнеркәсіп пен АӨК дамуын талқылады 25 маусымда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ЕЭК Кеңесінің төрағасы Наталья Петкевичпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында өнеркәсіп пен АӨК-ті дамытуға байланысты көптеген мәселелерді талқылады. Бірлескен жобаларды іске асыруға, кооперациялық байланыстарды нығайтуға, салаларды технологиялық дамытуға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылды. Беларусьтің ЕАЭО-ның өнеркәсіптік жобаларына қаржылай жәрдемдесу механизмін іске асыруға қатысуы, технологиялық платформалардың жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ өнеркәсіпте даму мен импортты алмастырудың бірыңғай бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бастама қаралды. «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын орындау, «ИННОПРОМ БЕЛАРУСЬ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесін дайындау міндеттері талқыланды. Сонымен қатар тамақ өнімдері мен дәрілік препараттарды өндіру үшін микроорганизмдер штаммдарын құрудың мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу мәселелері қозғалды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған барлық бағыттар бойынша тұрақты диалогты жалғастырудың маңыздылығы туралы келісімге келді.
Тағы да көрсету